Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен Satbayev University ынтымақтастықты нығайтуда
Автомобиль жолдарын салу кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарына бару бағдарламасы шеңберінде Satbayev University-ге Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті және ірі көлік және ғылыми – зерттеу институттары басшыларының өкілді делегациясы келді.
ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары- Габдуллина Анар, " Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" (ҚазжолҒЗИ"АҚ) Акционерлік қоғамының президенті – Алибаева Арман, логистика және көлік академиясының президенті-ректоры Амиргалиева Салтанат және білім беру және автомобиль саласының басқа да танымал қайраткерлері.
Қонақтар Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаевпен кездесіп, Қазақстан аумағында жаңа логистикалық хаб құру үшін қажетті автомобиль жолдарын салу үшін жоғары білікті мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылады. Талқылау барысында қонақтар автожол құрылысы саласында білікті инженерлік кадрлардың жетіспеушілігіне және автомобиль жолдарын салу бойынша мамандар даярлау бағыты бойынша қосымша нысаналы білім беру гранттарын бөлу туралы мәселені тезірек шешу қажеттігіне назар аударды. Өз кезегінде Satbayev University ректоры Бегентаев Мейрам оқу және ғылыми мекемелердің өкілдеріне Көлік құрылысы бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын тексеру және жақсарту, жоғары оқу орындарының талапкерлерімен кездесулер өткізу, сондай-ақ Satbayev University ұсынған pre-Masters және pre-Doctoral бағдарламаларына қатысуды ұсынды.
Сапар барысында қонақтар "Құрылыс және құрылыс материалдары" кафедрасының оқу аудиториялары мен қолданбалы зертханаларына барып, оқытушылармен және студенттермен кездесті, студенттердің дайындық деңгейімен және оқытудың инновациялық әдістерімен танысты.
Сапар Satbayev University мен автожол құрылысы саласындағы негізгі қайраткерлер арасындағы серіктестікті нығайтуға жасалған маңызды қадам болды, бұл Satbayev University-дің автомобиль жолдарын салу үшін мамандар даярлау саласындағы жоғары кәсібилігі мен әлеуетін растайды.