Ақпарат:

15 қазан 2018 6891

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды

2018 жылы 11 қазан күні А.Машани атындағы Базалық білім институтының Қоғамдық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің 5 қазан күнгі Жолдауының толық мазмұнын қарастырып, талқылады. Еліміздің күзгі маңызды оқиғаларының бірі – қазан айының басында мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған ел дамуының кезекті кезеңін анықтайтың жыл сайынғы Жолдауы.

Алты пункттен тұратын 05.10.2018 жылғы Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналды, осы бағдарламалық құжат сыртқы экономикалық жағдайдың қиын мезгілінде және жаһанданудың қазіргі заманғы қауіп-қатерлі кезінде қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың алгоритмі мен даму перспективасын айқындайды. Бұл тарихи құжат қазақстандықтардың тұрақты өсімі мен табысын арттыруға бағытталып, үнемі Үкіметтің қатаң бақылауында болады.

Талқылау барысында профессор ассистенті Т. Оспанов елдегі білім беру, педагогтар мен жас ұрпақтың бастамасын және Мемлекет басшысының өз Жолдауында адами капитал қазіргі заманғы мемлекет пен қоғамның дамуында шешуші рөл атқаратындығын атап өтті. Тарихи дамуға сәйкес, кез келген экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адами капиталдың кепілі болып табылатын адам еңбегі негізінде жүзеге асырылады. Жинақталған білім жоғары білікті мамандарды қалыптастыруда, білім беру мен ғылымның даму деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады, онсыз қоғамдағы іргелі өзгерістерді болдыру мен дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілу мүмкін емес.

Лектор Л. Сәрсен Елбасы жастарды рухани және патриоттық сезімде тәрбиелеуге аса көңіл бөлетінін атап өтті. Мемлекет басшысы университеттің табыстылығының негізгі өлшемі – оқу бітіргеннен кейін түлектердің жұмысқа орналасуы және олардың өз мамандығы бойынша еңбек етуі болып табылады, сондай-ақ әлемдегі жетекші университеттермен әріптестік қарым-қатынастарды дамыту қажет деп атап көрсетеді.

Әрине, 05.10.2018 жылғы Жолдау Қазақстанның әрбір азаматына әсер етеді және тұтастай алғанда біздің еліміздің әл-ауқатын жақсартуға жаңа серпін береді. Қоғамдық пәндер кафедрасының барлық оқытушылары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын толықтай қолдайды және студенттер арасында түсіндірмелік кеңес жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту