Ақпарат:

15 желтоқсан 2025 267

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік  бұл сан ұрпақтың маңдай тері мен қажырлы еңбегінің, ел алдындағы зор жауапкершіліктің жемісі. Бұл мереке  өткен мен бүгінді, тарих пен болашақты жалғаған ұлы сабақтастықтың айқын көрінісі. Осы күнде біз ел тәуелсіздігінің берік іргетасын қалаған алдыңғы буынның ерлігі мен жасампаз еңбегіне тағзым етеміз. Дәл сол берік негіз бүгінгі Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне жол ашты.

Бүгінде біз ғылым мен технологияны басты тірек еткен Жаңа Қазақстанды бірге қалыптастырып келеміз. Бұл жолда отандық ғылымның дамуына, инновациялық идеялардың өмірге келуіне, соның ішінде Сәтбаев университетінің ғалымдары мен жастарының қосып отырған үлесі зор. Халқымыздың азаттық пен өркендеу жолындағы асыл армандары біртіндеп ақиқатқа айналуда. Ал сол жарқын болашақтың табысты болуы – әрқайсымыздың білімімізге, еңбегімізге және елге деген адалдығымызға байланысты.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, табыс пен ертеңгі күнге деген нық сенім тілеймін. Тәуелсіз еліміз – ортақ шаңырағымыз Қазақстан мәңгі жасай берсін!

Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің ректоры
М. Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту