Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен Ректор құттықтауы 2024
Құрметті әріптестер және студенттер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – біздің әрқайсымыз тұтас халық ретінде нені қалайтынымызды, қай бағытта дамығымыз келетінін еске салатын ерекше үн. Өйткені Конституция – тек заңдар жиынтығы ғана емес, ол бүкіл қоғамның іргетасы болып табылады. Ата заңымыз елімізде демократиялық реформалар жасауға, заң үстемдігін нығайтуға және әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Конституция – Сәтбаев Университетіне білімнің, инновация мен мәдени прогрестің орталығы болуға мүмкіндік беретін нағыз мықты діңгек болып саналады!
Осы тамаша мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен аманшылық тілеймін! Ата заңымыз еліміздің және университетіміздің одан әрі дамуы мен өркендеуіне берік іргетас болып қызмет ете берсін!
Құрметпен,
Сәтбаев Университетінің
Ректоры Мейрам Бегентаев