Ақпарат:

15 желтоқсан 2021 4886

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен Ректор құттықтауы!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен Ректор құттықтауы!

Құрметті әріптестер! Қымбатты докторанттар, магистранттар, студенттер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1991 жылы 16 желтоқсан күні халықаралық аренада жаңа жұлдыз жарқ етіп жанды – Қазақстан Республикасы құрылды. Біз еркіндік пен тәуелсіздік жолын таңдап, аз ғана уақыт аралығында мықты тәуелсіз  мемлекет құрдық. 

Тәуелсіздік Қазақстан халқының күш-қуатын арттырып, ата-бабаларымыз негізін салған әлеуетімізді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Халқымыздың ынтымақ-бірлігінің арқасында әлемдік аренадан лайықты орын ала білдік. Ал Сәтбаев Университеті еліміздің экономикалық өсуі мен әл-ауқатының дамуына өзінің инновациялық идеялары мен технологиялары арқылы үлесін қосуда.

Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, жаңа табыс және істеріңізге сәттілік тілеймін! Отбасымыз аман-есен болып, береке-бірлігіміз арта берсін!

Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту