30 қараша 2018 4823

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

Сәтбаев Университетінің Ректоры Е. БейсембетовҚұрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1991 жылдың 1 желтоқсаны еліміздің тарихында қызыл әріппен мәңгілік жазылып қалады. Бұл күн сондай-ақ Қазақстанның болашаққа дұрыс таңдау жасап, қарқынды экономикалық дамудың сара жолына түскен күні ретінде де мәңгі есте сақталады. Өйткені бұл жолды бізге Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашып берді. Елбасымыз жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында біздің республикамызды әлемдік қауымдастық мойындап, еліміз дүние жүзі елдерінің арасында лайықты орын алып отыр.

Осы айтулы мереке күні сіздерге жаңа табыс, жаңа жетістіктер тілеймін! Қазақстан технологиялық дамуы жағынан алдыңғы қатарлы елдермен теңесуі жолында біздің талантты да білімді ұжымымыз елдің ғылыми потенциалын жүзеге асыруға атсалысады деген сенім мол. Тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жасаған еңбектеріңіз сіздерге тек қана жақсылықтар мен зор табыс әкелсін!   

 

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Е. Бейсембетов

Фото e-history.kz

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту