Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен Ректор құттықтауы!
Құрметті әріптестер! Қымбатты докторанттар, магистранттар, студенттер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылдың 1 желтоқсанында біздің жас республикамыз тарихи қадам жасап, барлық қазақстандықтарды жаңа жетістіктерге шабыттандырды және әлемге деген көзқарасымыз бен миссиямызды өзгертті.
Дәл осы күні халықтың қалауымен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Біздің елімізге жаңа перспективалар ашқан, экономикаға жаңашылдық рухымен дем беріп, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз еткен алғашқы жолашар ретінде оның есімі ел тарихында мәңгілікке қалады.
Салтанатты мереке күні Сіздерге зор денсаулық, жаңа жетістіктер және Тұңғыш Президенттің бастамаларын жалғастырыру жолында шығармашылық шабыт тілеймін! Барлық бастамаларымыз сәтті шығып, болашағымыз жарқын болсын!
Игі құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов