Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен Ректор құттықтауы!
Құрметті әріптестер, студенттер! Қымбатты отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 30 жыл бұрын, 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамын жасап, тұңғыш рет Президент сайлауын өткізді. Республика халқының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ел Президенті етіп сайлау туралы шешімі Қазақстанның одан әрі даму жолын алдын ала айқындап берді. Еліміздің тәуелсіздік жолында қол жеткізген жетістіктері мен жеңістерін бүгін қуанышпен еске аламыз.
Осы мереке күні Сіздерге отбасының аманшылығын, шаттық өмір және алдағы жоспарларыңыз жүзеге асып, биік мақсаттарға қол жеткізе берулеріңізді тілеймін!
Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев