28 ақпан 2018 8704

Қазақстанның «Ең үздік оқытушылары» анықталды

Қазақстанның «Ең үздік оқытушылары» анықталды

2018 жылдың 9 ақпанында Астана қаласында 53 жоғары оқу орнынан 200 оқытушы Қазақстанның ең үздік оқытушылары ретінде марапатталды. Олардың ішінде Сәтбаев университетінің оқытушылары: Мендіқұлова Гүлнара Малбағаровна (Әлеуметтік пәндер кафедрасы), Рафикова Хадичахан Сабиржановна (Органикалық заттар мен полимерлердің химиялық технологиясы кафедрасы), Ширяева Ольга Ивановна (Автоматтандыру және басқару кафедрасы) «ЖОО ең үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Бұл атақ оқытушылардың ғылыми-педагогикалық жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерін бағалау негізінде берілді.

Марапаттауды Оқушылар үйі ғимаратында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жүргізді. Е.Сағадиев жиналған қауымның алдында құттықтау сөз сөйлеп, әрбір оқытушыға сертификат пен медаль тапсырды. Салтанатты жиыннан кейін мерекелік концерт ұйымдастырылды.  

Алынған сыйлық негізінде оқытушылардың әлемнің ең үздік университетінде ғылыми және педагогикалық тәжірибеден өтуге және оқулықтар мен монографияларын ағылшын тілінде шығаруға мүмкіндіктері бар.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту