7 қараша 2017
9846
«Kaz'Hack'Stan» практикалық конференциясына студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуы
2017 жылдың 27 қазанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қатысуымен ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне арналған «Kaz'Hack'Stan» практикалық конференциясы (ұйымдастырушы КШТТО) өтті. Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері аталған шараға белсенді қатысты.
Конференция қатысушыларының тәжірибелік дағдыларын жетілдіру үшін киберполигон ұйымдастырылды. Workshop жұмысының біреуін шешуде студенттер екінші орынға ие болды.