Ақпарат:

1 наурыз 2018 6603

Қазіргі заманғы IT мүмкіндіктері

Қазіргі заманғы IT мүмкіндіктері

2018 жылдың 28 ақпанында «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары мен ПОҚ үшін «Digital Marketing саласындағы IT мүмкіндіктері» атты семинар өткізілді. Аталған іс-шара Қазақстанда IT саласына бағытталған білімді насихаттауға арналған. Семинарды «Яндекс» компаниясының тұтынушылармен жұмыс жасау менеджері Данияр Танаев жүргізіп отырды. Семинарда қазіргі заманғы IT-индустрия жетістіктері туралы айтылды және кездесетін стереотиптер мен аңыздарды талқандау жөнінде сөз болды. Басқа мамандыққа қарағанда, IT мамандығының перспективалары мен басымдылықтары арта түсіп келе жатқанын дәлелдеді. Оқуды бастау ешқашан кеш еместігі туралы өз жеке үлгісін мысалға келтіріп, ол студенттерді ынталандыра түсті. Сондай-ақ біздің қазіргі өмір сүру әдетіміздің ақпараттық технологиялармен өте тығыз байланысын атап өтті. Студенттер қонағымызға семинар тақырыбынан тыс нешетүрлі сұрақтар қойды. Мысалы, оларды «Яндекс»-тағы енгізілген жаңа іздеу алгоритмінің қазіргі күйі мен жағдайы көбірек қызықтырды. Семинарға белсенді қатысқан студенттерге сыйлықтар берілді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту