«KAZMinerals» компаниялар тобының жыл сайынғы тау-кен форумына шақырамыз
Университеттің 90 жылдығына орай Ө.А. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институтымен KAZMinerals тобы бірлесіп өткізетін, кен қазбаларын өндіру саласында жұмыс істейтін өнеркәсіпшілер мен ғылыми қоғамдастықты біріктіретін «Тау-кен процестерін басқару саласындағы отандық және халықаралық тәжірибені зерттеу» атты жыл сайынғы тау-кен форумына қатысуға шақырамыз.
Форум жаңа технологияларды, орнықты даму практикаларын және жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық өзгерістерді талқылау үшін платформа ұсынады, берік салалық байланыстар орнатуға және болашақта қалыптасып келе жатқан әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікті сақтауға көмектеседі.
KAZMinerals тау форумы-ынтымақтастық пен табысты жобаларға ықпал ететін Қазақстанның ең табысты кәсіпорындарының біріне кіретін компаниялар өкілдерінің дәстүрлі кездесуі. «Білім алмасу — бұл бизнесті жақсарту ғана емес, болашақты жақсарту» — бұл ашықтықты арттыруға, шешім қабылдауға, тау-кен саласындағы білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ саланың қазіргі тенденциялары мен проблемаларын талқылауға бағытталған форум жұмысының негізгі қағидасы.
Форумға KAZ Minerals Management, Kaz Minerals Aktogay, KAZ Minerals Bozshakol, SRK Consulting Kazakhstan, WEIR Motion metrics Central Asia, Bogr Engineering (Австралия), SRK Consulting Finland (Финляндия), Mos Consulting (Австралия) және басқа компаниялар қатысады.
Өтетін орны: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22, Д. Сүлеев атындағы ғылым және шығармашылық орталығы.
Күні мен уақыты: 28-29 қараша, 09.00.