25 сәуір 2017 10826

ҚазҰТЗУ-да Ашық есік күні өтті

ҚазҰТЗУ-да Ашық есік күні өтті

22 сәуірде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың бас оқу ғимаратында дәстүрлі Ашық есік күні өтті. Шараның негізгі мақсаты – еліміздегі ең іргелі техникалық білім орнында білім алғысы келетін жастардың қатарын арттыру.

Бұл күні ҚазҰТЗУ-дың барлық институттарының оқытушы-ұстаздары  Алматы қаласындағы орта білім беретін мектептердің 2016–2017 оқу  жылында бітіретін түлектерімен кездесті. Оқушылар университет ұстаздарынан білім орнының материалдық-техникалық жағдайын, мұндағы оқытылатын әрбір мамандықтың қыр-сырын біліп, оның болашағы жайлы пікірлесті. Тағы бір айта кетерлігі – оқушылар университетке деген өздерінің ізгі тілектері мен ұсыныстарын жазып қалдыруға мүмкіндік жасалды. Осы жазбаларға назар аудара отырып, ҚазҰТЗУ-да білім алғысы келетін жастардың көптігіне, университетке ерекше жылы ықыласпен, құрметпен қарайтынына көз жеткізуге болады.

Ашық есік шарасы одан әрі Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының мәжіліс залында жалғасты. Мұнда университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ринат Искаков оқушы-жастармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Басқосу соңы ҚазҰТЗУ-дың өнерлі студенттерінің  концерттік бағдарламасына ұласты.     

Ақпарат көзі: Рекрутинг және түлектер кеңсесі
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту