21 сәуір 2017 6468

ҚазҰТЗУ-да І Халықаралық инновациялық форум өтті

Бейсембетов

20–21 сәуір күндері Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да «Сандық Қазақстан: сәулет және құрылыс саласындағы BIM-технологиялар» атты І Халықаралық инновациялық форум өтті. Аталмыш іс-шараны Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты мен Autodesk компаниясы бірлесе ұйымдастырды. Еліміздегі мемлекеттік құрылымдардың, жобалау және құрылыс компанияларының, осы салаға болашақ мамандарды даярлайтын техникалық жоғары оқу орындарының өкілдері BIM-технологияларын өндіріске енгізу мен оны қолдану жөніндегі мәселелерді жан-жақты талдау үшін, осы саладағы жинақталған тәжірибелермен бөлісу үшін, оның келешектегі даму жолдары мен салаларының бір-бірімен өзара тиімді байланысу үлгілерін жасау үшін  бұл форум тамаша пікірсайыс алаңы болып табылады.

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Ректоры Ескендір Бейсембетов қатысушыларды форумның ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі:

– Дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдерде өнеркәсіп пен азаматтық құрылыс салаларының бәсекеге қабілетті жоғары деңгейге көтерілуін толық BIM-модельдердің пайда болуымен байланыстырады. Осыған орай алғашқы форумның Қ. И. Сәтбаев атындағы өтуі біз үшін зор құрмет.

Жиында сонымен қатар KAZGOR жобалау академиясының президенті А. Татығұлов пен Autodesk компаниясының ТМД елдеріндегі өкілі Д. Калашников сөз алды.

Форумның алғашқы күні баяндамалар тыңдалып, ғылыми жобалар мен ұсыныстар қаралды, қатысушылар ақпараттық модельдеу саласының жетістіктері мен оның қолданылу аясын талқылады. Сондай-ақ сәулет-құрылыс саласындағы жоғары оқу орындары студенттері арасында ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мына номинациялар бойынша өтті: 1) BIM туралы үздік ұсыныс; 2) BIM туралы үздік мақала; 3) BIM туралы үздік плакат.

Форум аясында жобалаушы-практиктердің шеберлік сағаттары, BIM-модельдер көрсетілімі, әрі студенттер мен жұмыс беруші компания өкілдерінің кездесулері ұйымдастырылып, кішігірім ұсыныстар қаралды, бағалы сыйлықтар ұтысы ойнатылды.

ректор казниту

ректор

Барлық суреттерді көру

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту