26 қыркүйек 2017 9237

ҚазҰТЗУ-да студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті

ҚазҰТЗУ-да студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті

19–20 қыркүйек күндері екі күн қатарынан Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың бас оқу ғимараты алдындағы алаңда «Студенттік қоғамдастықтар» жәрмеңкесі өтті. Барлық жәрмеңкелер сияқты бұл да қызықты музыкаға, көптеген ұсыныстар мен таныстыруларға, фотосуреттер мен көрмелерге толы болды.

Политехтың «Студенттік қауымдастығына»

Жәрмеңкенің ең басты мақсаты – биылғы жылы оқуға түскен студенттерді университеттегі әртүрлі студенттік ұйымдармен таныстыру. Атап айтқанда, Пікірсайыс клубы, Волонтерлар лигасы,  «Pick&click» фотосуретшілер клубы, спорт ойындары бойынша жарыстар ұйымдастыратын «Sport lab» клубы және т. б. Жәрмеңке барысында әрбір ұйым мүшелері өздеріне палатка орнатып, онда әртүрлі ойындар, жарыстар, викториналар ұйымдастырды.

Өздерінің болашақта атқаратын қызметтері жайлы ұйым мүшелері бізбен әңгімесінде бөлісті.

Роксолана, 1-курс, Art&you:

«Біз биыл бірінші жыл ашылдық, негізгі қызметіміз – шығармашылық жұмыстары, яғни би, күй, сурет өнері және т. б. Алдағы уақытта қайырымдылықпен шұғылданбақшымыз. Өзіміз салған суреттерді сатуға қоймақшымыз. Сондай-ақ студенттердің керек емес киім-кешектерін жинап алып, балалар үйіне өткізіп тұрамыз».

Еркежан, 2-курс, Enactus:

«Enactus – бұл халықаралық коммерциялық емес бизнес-ұйым, біз студенттердің ғылыми жобаларын, стартаптарды таратумен айналысамыз, сондай-ақ экология мәселесіне көбірек көңіл бөліп, университет бойынша макулатура, яғни қағаз қалдықтарын жинау жұмыстарын іске асырдық. Қазір әрбір оқу ғимаратында қағаз қалдықтары үшін арнайы жәшіктер қойылған. Біз оны айына бір рет жинап отырамыз. Enactus ҚазҰТЗУ-да 2013 жылдан бері жұмыс жасап келеді, біз бизнес-тренингтер, студенттік ғылыми жобалар байқауын өткізіп тұрамыз».   

Айзада, 3-курс, American Association of petroleum geologists:

«American Association of petroleum geologists» – студенттерге минералдарды оқып-үйренуге және ғылым саласына бет бұруға көмектесетін бірден-бір ғылыми ұйым болып табылады. Бұрындары бұл ұйым тек болашақ геологтармен ғана жұмыс жасайтын, ал қазір кез келген сала бойынша ғылыммен шұғылдануға ниет білдірушілердің барлығына да есігіміз ашық. Біздің ұйым мүшелері алдағы уақытта тек биіктерден көрінсе екен деп тілейміз. Ол үшін біз барлық күшімізді саламыз».

Политехтың «Студенттік қауымдастығына» жазылыңыздар! Сіздерді де алда тек сәттілік күтіп тұр!

Политехтың «Студенттік қауымдастығына»

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту