Ақпарат:

3 мамыр 2017 10535

ҚазҰТЗУ-дағы роботтар көрмесі

ҚазҰТЗУ-дағы роботтар көрмесі

22 сәуір күні Қ.И. Сәтбаев ҚазҰТЗУ-да өткізілген Ашық есік күні аясында университет ұстаздары болашақ мектеп бітіруші түлектермен мамандықтың қыр-сыры туралы ашық сұхбат жүргізген болатын.

Аталған шара барысында университеттің Рекрутинг және түлектер бөлімі мен «Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасы бірігіп, болашақ талапкерлерге бірегей роботтар көрмесін ұсынды. Көрмеге «Аспап жасау» мамандығының 2, 3 және 4-курс студенттерінің жасаған жобалары қойылып, мектеп түлектері назарына ұсынылды, әрі студенттер өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті. Көрмеге қойылған робот-манипуляторлар, мобильді роботтар, сандық бағдарлама бойынша басқарылатын станоктар мен электржылытқыш шыны және ақылды шынылар көпшілік көзайымына айналды.

Көрме өте жоғары деңгейде өтіп, мектеп түлектеріне болашаққа бағдар сілтейтін маңызды да, қызықты ақпараттарға толы болды. Осыған қарап-ақ еліміздің болашағы жастардың білімі мен біліктілігінде екендігіне көз жеткізуге болады.

1

1

Ақпарат көзі: «Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасы
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту