«ҚазҰТЗУ көктемі» фестивалі 52-рет өз шымылдығын ашты
27 наурызда Университетте институттардың көркемдік шығармашылығын, студенттердің өнерлерін дәріптейтін дәстүрлі «ҚазҰТЗУ көктемі» фестивалі 52-рет өз шымылдығын ашты. Өнер фестивалінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Әнұраны мен еліміздің басты техникалық жоғары оқу орнының Әнұраны шырқалды.
Сегіз институттың өнерлі студенттері өз бағдарламаларында аспапты музыка, вокал, сахналық қойылым, ән айту мен би билеу секілді жанрларды қамтыды.
«ҚазҰТЗУ көктемі» фестивалінің алғашқы күнін Химиялық инженерия институтының көркемөнерпаздары ашты.
Екінші күні Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының студенттері бар өнерлерін ортаға салды.
Үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының өнерпаздарына бұйырды.
Дәстүрлі өнер фестиваліне қатысушы талантты студенттер сахнада өздері білім алып жүрген қасиетті қара шаңырақ – Политехқа деген ризашылықтарын білдіре отырып, алдағы жарқын болашаққа сеніммен қарайтындықтарын жеткізді.
Фестиваль-байқау 5 сәуірге дейін жалғасады. Концерттік бағдарламалар туралы толық ақпарат «МР» журналының сайтында жарияланған.