28 тамыз 2017 11279

ҚазҰТЗУ оқытушылары – «ҚазФерроСталь» зауытында

ҚазҰТЗУ оқытушылары – «ҚазФерроСталь» зауытында

2017 жылдың 18 тамызында ҚазҰТЗУ оқытушылары мен «ҚазФерроСталь» зауыты ұжымының кездесуі болып өтті. ҚазҰТЗУ өкілдері зауыттың өндіріс барысымен толығырақ танысып, алдағы бірлесіп жүргізетін жұмыс жайын зауыт басшылығымен талқылады. Сонымен қатар екі жақ басшылығы ынтымақтастық жайлы меморандум мен келешекте ҚазҰТЗУ студенттері мен магистранттарын зауытқа жұмысқа тұрғызу жайлы кепілдікке қол қойды. Кездесу барысында қаралған екінші бір мәселе – зауытта ғылыми тәжірибелер жүргізу мәселесі.

ҚазҰТЗУ оқытушылары – «ҚазФерроСталь» зауытында

«ҚазФерроСталь» зауыты төмен қоспаланған болат металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеу технологиясымен шұғылданады, сөйтіп жалпы және салалық бағытта қолданылатын металл пішіндерін шығарады. Қайта құрылған зауыттың технологиялық жүйесі қазіргі заманғы талаптарға сай жабдықтармен және тазартушы құрылғылармен жабдықталған. Ол тазартушы құрылғылардың әрқайсысында 2000 астам фильтр бар.  

Жан-жақты дамып келе жатқан өндіріс орны көптеген инженер-металлургтер мен энергетиктерге мұқтаж. Компания өз қызметкерлерін қажетті жұмыс жағдайының бәрімен қамтамасыз етеді. Ал жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлер мамандықтарын жетілдіру үшін толық өндірістік циклдан өтеді. Магистранттар да өз кезегінде өндіріспен тығыз байланыста болып, алған тәжірибелері негізінде өз ғылыми жұмыстарын жазады. Кейіннен осы зауытқа жұмысқа орналасуларына да толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар зауыт бакалавриатты үздік бітірген түлектерді де жұмысқа қабылдауға әзір.     

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту