8 наурыз 2017 8763

ҚазҰТЗУ студенттері – алғашқы Халықаралық вокалистер байқауының дипломанттары

ҚазҰТЗУ студенттері – алғашқы Халықаралық вокалистер байқауының дипломанттары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен, ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Федерациясының қолдауымен Алматы қаласы П. Чайковский атындағы музыкалық колледжде алғаш рет ҚР халық артистері Шабал Бейсекова мен Кәукен Кенжетаев атындағы Халықаралық вокалистер байқауы өтті. Бұл байқауға «Эстрадалық ән айту» номинациясы бойынша Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың өнерлі студенттері де қатысты. 

Байқауға сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы колледжінің, Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының студенттері, Қырғыз ұлттық консерваториясынан (Бішкек), Ресейден (Челябинск) келген қонақтар қатысты. Ал байқауға қатысқан өнерпаздардың өнерлерін ҚР халық артисі, қазақ эстрадасының майталманы Ескендір Хасанғалиев басқарған әділ қазылар алқасы кәсіптік тұрғыда бағалады.

Екі турдың нәтижесі бойынша Политех студенттері жеке номинацияда жүлделі орындарға шықты:

1-орын – квартет: Жамбыл Кулесов (ХИИ, 3-курс), Қажымұқан Қалиев (АжТТИ, 3-курс), Әділжан Садықбеков (ӨИИ, 3-курс), Зарепхан Медет (ӨИИ-ның магистранты, 1-курс);
2-орын – дуэт: Тоғжан Алпысбаева (ӨИИ, 4-курс), Алма Жантұрғанова (ТКМИ, 4-курс);
2-орын – соло: Айсұлтан Ешмұханбет (АжТТИ, 2-курс).

Студенттердің шығармашылық орталығы осы байқауға қатысуға мүмкіндіктер беріп, ақпараттық қолдау көрсетілгені үшін студенттер атынан алғыс білдіреді!

СІжД

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту