Ақпарат:

4 мамыр 2017 6070

ҚазҰТЗУ студенттері дипломмен оралды

ҚазҰТЗУ студенттері дипломмен оралды

26 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызмет академиясында жоғары оқу орындары арасында «Курсанттардың ғылыми шығармашылығында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы мен практикасының дамуы» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының 3-курс студенттері Асият Сырлыбаева мен Керей Шапиев осы конференцияға Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ атынан қатысып, өздерінің ғылыми баяндамаларын оқыды. Олардың жұмыстары жоғары бағаланып, «Ғылыми жаңалық үшін» және «Тәжірибелік маңыздылығы үшін» атты номинация бойынша арнайы дипломдармен марапатталды. Ғылыми жетекшілері – «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры Евгения Айтхожаева мен осы кафедраның сениор-лекторы Асхат Батырғалиев.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту