26 ақпан 2017 9327

ҚазҰТЗУ студенттері Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

ҚазҰТЗУ студенттері Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті

ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Өмірді өзгертетін ойлар» атты интерактивті семинар-тренинг өтті. Оның мақсаты ¬¬¬¬–¬ Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары мен тұжырымды ойларын оқып түсіну. Семинарға Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың белсенді студенттері қатысты.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел алдына қойған ғаламдық ой-тұжырымдар мен жаһандық мәселелер Қазақстан Республикасын даму сатысының ең жоғары дәрежесіне көтеріп, дүние жүзіндегі дамыған 30 елдің қатарына енуіне мүмкіндіктер туғызады. Ал бұл жаңалықтарды іске асыру жастардың қолында.


Өзара интерактивті байланыс барысында семинарға қатысушылар аталған тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді, әртүрлі интеллектуалды ойындарға қатысты.
Белсенді студенттердің ойынша, мұндай іс-шаралар студенттердің білімін толықтырып, еліміздің дүниежүзілік экономикалық және саяси алаңдағы орнын бағалауға мүмкіндік береді, жастардың өзіндік сана-сезімі мен патриоттық сезімдерін қалыптастырады, әрі республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтады.


Жиын соңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев семинар-тренингке белсенді түрде атсалысқан студенттерге шын жүректен алғыс білдіріп, Қазақстанның жарқын болашағы жолындағы жемісті еңбектеріне сәттілік тіледі

 

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту