ҚазҰТЗУ зертханасы зерттеу нақтылығының белгісін алуға дайындалуда
2017 жылғы 12 – 14 шілде аралығында ҚазҰТЗУ ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығымен бірлесе отырып, университет зертханасының қызметкерлеріне ғылыми зертханалар жұмысындағы өлшеу сапа стандарттарына арналған семинар өткізді.
Семинар ҚазҰТЗУ зертханасын ISO / IEC 17025 «Сынақ жүргізетін және калибрлегіш зертханалардың құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» халықаралық стандарттарына сәйкес ИИДМБ-2 инфрақұрылымдық даму ұлттық бағдарламасы бойынша аккредиттеуге дайындау бағдарламасының бөлігіне айналды.
ISO / IEC 17025 стандарты – бұл медициналық қызметпен байланысы жоқ, талдамалы зертханалардың қызметін реттейтін халықаралық сапа стандарты, ол зертхана құзіреттілігіне талаптар қояды, сынақтардың нақтылығына кепілдік және зертханаға халықаралық деңгейде ресми тану және жұмыс істеу құқығын береді. ISO / IEC 17025 стандарты бойынша аккредиттелген зертханалармен ынтымақтастық басқа елде қайта сынау жүргізу қажеттілігін төмендету және жасамау есебінен өндірушілердің өз бұйымдарына және материалдарына сынақ жүргізу шығындарын азайтады.
Семинардан «Сандық технологиялар және машина жасау», «Электр құрылғыларын жобалау және монтаждау», «Химиялық синтез және мұнай өндіру», және «Технологиялық машиналарды пайдалану және өндірістік кешендерді автоматтандыру» ҚазҰТЗУ қызметкерлері өтті. Тыңдаушылар аккредиттеу мемлекеттік жүйесі және халықаралық стандарттарға сәйкес зертхана қызметкерлерінің міндеттерін орындауға қойылатын талаптар туралы білім алды. Семинар аяқталғанда тыңдаушыларға Ұлттық аккредиттеу орталығынан сертификаттар табысталды.