Кемел келешекке бастау
Елбасының жаңа Жолдауы жарияланғаннан бері оны талқылау, халыққа жеткізу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Билік басшылары, қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері тарихи құжатты жан-жақты талқылап, өз ойларымен бөлісуде.
Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерге де Жолдаудың маңызы мен бағыт-бағдары жайында толыққанды ақпараттар берілуде. Ақпанның алғашқы күні Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырза ірі мекемелердің, бизнес құрылымдарының басшыларын, жоғары оқу орындарының басшылары мен жетекші ғалымдарын жинап, Президенттің халыққа жолдауына қатысты өткізген жиналысқа Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зертттеу университетінен Ректор аппараты басшысының орынбасары Ұлықпан Сыдықов, проректорлар, институт директорлары мен қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, барлығы 12 адам қатысып қайтты.