Ақпарат:

23 қаңтар 2026 965

Халықаралық білім беру нарығын бағындырудамыз: Сәтбаев университеті Лондондағы BETT халықаралық көрмесінде қазақстандық инновациялармен таныстырды

Халықаралық білім беру нарығын бағындырудамыз: Сәтбаев университеті Лондондағы BETT халықаралық көрмесінде қазақстандық инновациялармен таныстырды

Сәтбаев университеті Лондонда өтіп жатқан British Education Training and Technology Show атты халықаралық көрмесінде озық ғылыми әзірлемелер мен жаңа білім беру бастамаларын ұсына отырып, өзінің технологиялық кластерін нығайта түсуде. Университет Қазақстанда қазірдің өзінде қолданылып жүрген және шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырған жобалармен таныстырып, қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық аренадағы орнын күшейтетін маңызды халықаралық келісімдерге қол қойды.

Көрме аясында Сәтбаев университеті жасанды интеллектті қолдана отырып, ағылшын тілін оқыту бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Бағдарлама бірден 2000-нан астам студентті оқытуға арналған, ол А1–С2 деңгейлерін қамтиды, CEFR халықаралық стандарттарына сәйкес келіп, оқытушыларға арналған лицензияларды, 3000 сағаттан астам интерактивті контентті және 10 000-нан астам аудиожаттығу үлгілерін де қамтиды. Жоба Цифрландыру жылының маңызды бастамасы болып, студенттерге халықаралық тілді тиімді меңгеруге ғана емес, сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асырып жүрген AI-Sana инновациялық бағдарламасына студенттерді тартуға мүмкіндік береді.

Жоба Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауымен BETT көрмесі аясында Education First халықаралық орталығының еншілес ұйымы Efekta Education Group компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдың нәтижесінде жүзеге асырылды. Efekta Education Group компаниясы атынан бұл құжатқа операциялық директор Питер Бёрман, ал Сәтбаев университеті атынан Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Самғат Ермекбаев қол қойды.

Сонымен қатар Сәтбаев университеті көрмеге келген қонақтарды бірқатар ғылыми жобаларымен таныстырды. Атап айтқанда: аграрлық өнімдер мен технологияларды әзірлеу және коммерцияландыруға арналған биотехнологиялық R&D орталығын құру; Электр энергиясын жинақтайтын құрылғылардың жаңа буынын жасау үшін MXene негізіндегі тиімді нанокомпозиттерді әзірлеу; Экожүйелерді кешенді түрде қалпына келтіруге арналған суық плазмалық технологияларды зерттеу және әзірлеу; CLEANWATER – Multifunctional Sustainable Adsorbents for Water Treatment Assisted with Plasma Technologies and for Health Protection from Xenobiotics,  Медициналық мақсаттарға арналған ұзақ әсер ететін және жараларды тез жазатын көпфункционалды полимерлі композициялық материалды (ПКМ) әзірлеу; ҚР агроөнеркәсіптік кешені қалдықтарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және тасымалдауға арналған, әрі  жеуге жарамды «ақылды» нанокомпозиттік қаптама алу; сондай-ақ Қазақстанның модификацияланған бентонит саздары мен суды тазартуға арналған полимерлері негізінде жоғары антисептикалық қасиеттерге ие әмбебап полимер-сазды композитті әзірлеу жөніндегі ғылыми жобалар.

Білім беру технологияларының аса маңызды халықаралық көрмесінде қазақстандық жоғары оқу орындарының осындай жетістікке қол жеткізіп отырғаны алғаш рет емес. Өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі BETT көрмесінде Орталық Азия өңіріндегі білім беру хабын ілгерілету және отандық IT-технологиялар саласындағы инновациялармен таныстыру мақсатында алғаш рет «Study in Kazakhstan» ұлттық павильонын ұсынды. Сәтбаев университеті аталмыш көрмеге қатысқан 6 университеттің бірі ретінде, әрі Глазго және Эксетер университеттерімен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу туралы келісімдерге қол қою арқылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Халықаралық білім беру кеңістігінде Қазақстан ұсынып отырған жобалар шетелдік әріптестер тарапынан үнемі үлкен қызығушылық тудырып, қазақстандық технологияларды шетелдік ғылыми орталықтарға трансферттеу жөнінде келіссөздер жасауға жол ашуда. Сәтбаев университетінің бұл көрмеге қатысуы қазақстандық инновацияларды таныстырумен қатар, Орталық Азиядағы білім беру және ғылыми хаб ретінде еліміздің орнын нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және озық технологияларды білім мен ғылым саласына енгізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық білім беру нарығын бағындырудамыз: Сәтбаев университеті Лондондағы BETT халықаралық көрмесінде қазақстандық инновациялармен таныстырды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту