8 желтоқсан 2021 253

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Азаматтық жауапкершілік-жетістіктің кілті» студенттік форумы өтті

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Азаматтық жауапкершілік-жетістіктің кілті» студенттік форумы өтті

9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, 6 желтоқсан күні, Сәтбаев Университеті, «Sanaly Urpaq» бөлімі мен студенттік клубының ұйымдастыруымен, «Азаматтық жауапкершілік-жетістіктің кілті» атты студенттік форумы өткізілді. Форум барысында Университеттің Корпоративтік Compliance-бақылау офицері Ә.Жұманов форум қатысушыларына Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық, заңнамалық негіздерін таныстырып, студенттердің бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру негіздерін баяндады. "Technokrat" зияткерлік дебат клубы мүшелері «Парасаттылық жастар көзімен», «Адалдық-әрбір адамның өз жауапкершілігі» тақырыбында баяндамалар оқыды. Сонымен қатар «Азаматтық жауапкершілік-жетістіктің кілті» атты пікірсайыс турнирі өтті. Студенттік форум нәтижесінде форум қатысушылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимылдар, оның алдын алу жолдарын қарастырып, "Sanaly Urpaq" студенттік клубының қызметі бойынша ұсыныстар айтылды.

Проведен студенческий форум «Гражданская ответственность — ключ успеха»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту