30 қыркүйек 2022 2999

Халықаралық Ұстаздар күні құтты болсын!

Халықаралық Ұстаздар күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, оқытушылар, ардагер ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – Халықаралық Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Дәл осы кәсіби мереке қарсаңында университет ұстаздарының адал еңбегін жоғары бағалап, ерекше атап өтуге мүмкіндік туады. 

 «Халықтың өркендеуі мен жетістігі оның алған біліміне байланысты», – деген еді Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов. Ұлы ұстаздың осы даналық сөздері бүгін де өзектілігін жоймай, тек мектептерге ғана емес, университеттерге, барша ғылыми қауымға да қатысты болып отыр. Әрбір қазақстандықтың табысты болуына, тәуелсіз Қазақ елінің одан әрі гүлденуіне Сіздер күн сайын көмектесіп, талай мүмкіндіктер жасап отырсыздар.

Сіздердің осы даналық қасиеттеріңіз таусылмасын, адал еңбекке деген ыстық көңілдеріңіз суымасын! Игі істеріңізге сәттілік тілеймін! Ұстаздар күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту