«Химиялық және биохимиялық инженерия саласындағы жоғары білім және ғылымның заманауи үрдістері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
«Химиялық және биохимиялық инженерия саласындағы жоғары білім және ғылымның заманауи үрдістері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 2018 ж. 13–14 қыркүйек күндері өтеді. Конференция аясында ҚР ҰҒА академигі Шайқұтдінов Еренғайып Мәлікұлын 85 жылдық мерейтойымен құттықтау рәсімі өткізіледі.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
- Білім мен ғылымның қазіргі заманғы үрдістері
- Көмірсутекті және минералды шикізаттың химиясы мен технологиясы
- Органикалық қосылыстардың химиясы мен технологиясы
- Макромолекулалы және нанодисперсті жүйелердің теориясы, синтезі және модельдеуі жөніндегі заманауи тәсілдер
- Қазіргі әлемдегі биохимиялық инженерия
- Экология. «Жасыл химияның» заманауи мәселелері
Конференция жұмысына қатысу үшін 2018 ж. 30 шілдесіне дейін Ұйымдастыру комитетіне «Конференция» белгісі бар тіркеу картасын, баяндама материалдарын екі нұсқада қағаз және электронды түрде жіьеру керек. Конференция материалдары жинақ түрінде жарияланады. Ең үздік баяндамалар «ҚазҰУ Хабаршысы» журналында жарияланады. Конференцияның ресми тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Синхронды аударма қарастырылмаған.