Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ –да Президенттің Жолдауын талқылауда
2017 жылдың 14 ақпан күні, сағат 14.00-де Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институты Қоғамдық пәндер кафедрасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, сонымен қатар конституциялық реформалар, ЖОО академиялық дербестігі мен автоматтандыру тақырыптарына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Қоғамдық пәндер қафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Алия Акатаева, кафедра оқытушы құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде ректор әкімшілігі директорының орынбасары Ұлықпан Сыдықов, с.ғ.д., профессор Лилия Зайниева, т.ғ.к., доцент Досалы Салқынбек, т.ғ.к., доцент Айна Нұржанова, с.ғ.к., Қадыр Нұрғалым баяндама жасады. Баяндамашылар конституциялық реформаның негізгі міндеттерін, сондай-ақ Жолдаудың саяси маңыздылығын атап көрсетті.
ББИ