Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ректоры Ескендір Бейсембетовтың 1 Мамыр - Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесімен құттықтауы
Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен, республикамызда тұрып жатқан этностардың Достық, Бейбітшілік, Ынтымақтастық, Еңбек мерекесімен құттықтаймын! Осы бірлігіміз бен ынтымақтастығымыздың арқасында біз көп ұлтты еліміздегі бейбіт те, тыныш өмірдің куәсі болып отырмыз.
«Былтыр бір жыл бойы тойланып өткен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерекесі көрсеткендей, біздің халқымыз Отанымыздың болашағы мен балалардың келешегін жұмыла қалыптастырып келеді. Бейбіт қатар өмір сүре отырып, біз бір-бірімізді рухани жағынан байытамыз, бір-біріміздің ақыл-парасатымызды толықтырамыз. Халқымыз елдің бейбіт және келісім жөніндегі тамаша саясатымен, көршілермен тату-тәтті қарым-қатынаста өмір сүре алу қабілетімен, сондай-ақ тыныштық пен тұрақтылыққа ұмтылу жолындағы ынта-жігерімен шын мәнінде мақтана алады», – деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгінгі таңда біздің Университет қабырғасында 30-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті білім алып жүр. Осы айтулы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, баянды бақыт, жемісті еңбек және істеріңізге сәттілік тілеймін!
Құрметпен, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ректоры,
Ескендір Бейсембетов