18 сәуір 2019 2873

Кіші футбол мен тоғызқұмалақтан Сәтбаев университетінің біріншілігі өтті

Кіші футбол мен тоғызқұмалақтан Сәтбаев университетінің біріншілігі өтті

Қ. И. Сәтбаевтың 120 жылдығы мен ҚазҰТЗУ-дың 85 жылдық мерейтойына орай Сәтбаев университетінде кіші футбол мен тоғызқұмалақ ойындарының біріншілігі өтті.

Кіші футбол біріншілігі 2019 жылы 12 сәуір күні өтсе, тоғызқұмалақтан ашық біріншілікті көрермендер 13 сәуір күні тамашалады.

 Футбол жарысына 10 команда болып құралған 120 ең жақсы футболшы-студенттер қатысты. Финалдық ойында 1–2-орындар үшін берілген негізгі уақытта еш команда оң нәтиже көрсете алмады, сол себепті жарыстың бас төрешісі Б. А. Селов пенальти добын соғуды ұйғарды. Сөйтіп, нәтижесінде СҚжЭИ командасы 3:4 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай қорғаушы Дәрібаев Ерлан, шабуылшы Байсақалов Данияр, қорғаушы Васильев Бахтияр, орталық жартылай қорғаушы Нұрәлі Әлібек, орталық қорғаушы Темірлан Мұхамедияров, оң жақ жартылай қорғаушы Жиясов Сырым, қақпашы Арлан Танкеев, сол жақ жартылай қорғаушы Әуезхан Жалғас, шабуылшы Сайлау Елжан, қақпашы Мелс Мадияр, жартылай қорғаушы Садықов Темірлан, жартылай қорғаушы Шыңғысов Темірлан, қорғаушы Мұратов Алмас, қақпашы Ғалымжан Ануар, жартылай қорғаушы Қазиев Заманбек, қорғаушы Жансагимов Қадір, қорғаушы Досов Мейрамбек, қорғаушы Сайлауов Нұрбол, жартылай қорғаушы Нұрғали Ерік, жартылай қорғаушы Нұрсұлтан Мақсатбеков университеттің ең үздік ойыншылары ретінде танылды. Алғашқы үш жүлделі орынға ие болған командалар кубок, майка, медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ал тоғызқұмалақ жарысына Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасынан жеті команда қатысты. Олар: Абылай хан атындағы ҚазӘТжХҚУ; Абай атындағы ҚазҰПУ; ҚазБСҚА; ҚазМемҚызПУ; ҚазҰАУ және Сәтбаев университетінің екі командасы. Әр команда құрамында 3 адамнан болды.

Сонымен, Сәтбаев университетінде тоғызқұмалақ ашық біріншілігінде біздің команда жеңіске жетті. Олар: Нұрлыбаев Манас, Тельман Нұрдәулет және Қуанышбав Ерасыл. Екінші және үшінші жүлделі орындарға Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚазҰАУ ие болды. Үш үздік команда кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту