Ақпарат:

6 наурыз 2026 197

Көктемгі шабыт пен жасанды интеллект: Сәтбаев университетінде 8 Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Сәтбаев университетінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған дәстүрлі концерт өтті. Биыл ұйымдастырушылар университеттің аруларына арнап ерекше бағдарлама дайындап, шығармашылық өнер мен заманауи технологияларды және жылы құттықтау лебіздерін біріктіре отырып, көктемгі шынайы қуаныш пен шаттыққа оранған атмосфера қалыптастырды.

Университет ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзінде республикадағы алғашқы техникалық жоғары оқу орнындағы әйелдер қауымының ерекше рөлін атап өтті:

«Сіздер – университетіміздің көркісіздер, оның ерекше атмосферасын қалыптастыратын жандарсыздар. Білім мен ғылымдағы көптеген жетістіктер, университет өміріндегі жылулық пен үйлесім – сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі. Сіздердің арқаларыңызда барлық әлем мейірімге бөленеді, айналамыздағы тіршіліктің мағынасы кіріп, шынайы қамқорлыққа тола түседі», – деді ол.

Шығармашылық пен инновация осы ерекше кештің ажырамас бөлігіне айналды: концерттік нөмірлерді институт директорлары мен қызметкерлері жариялап отырды, ал барлық бейнеқосымшалар жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы дайындалды. Концерттің ең әсерлі сәті – Мұрат Насыровтың «Я – это ты» әніне жасалған шығармашылық нұсқасы болды. Бұл әнді университеттің ер азаматтары орындап, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Сәтбаев университеті – тек ғылым мен инновация кеңістігі ғана емес, сонымен қатар пікірлес жандардан құралған біртұтас әрі тату-тәтті өмір сүріп жатқан адамдар қауымдастығы екенін осы мерекелік концерт тағы бір рет дәлелдеді. Концерт бүкіл ұжымды біріктірді, оларға көтеріңкі көңіл-күй, шынайы эмоциялар сыйлады, сондай-ақ университеттің әйелдер қауымына мол алғыс пен құрмет сөздері айтылып, шынайы отбасылық мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту