«Көліктік логистика» пәні бойынша студенттік олимпиадаға қатысуға шақырамыз
Satbayev University сіздерді 2026 жылғы 28 сәуірде өтетін XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне «Көліктік логистика» пәні бойынша қатысуға шақырады. Олимпиада тест және кейстік тапсырмаларды шешу форматында өткізіледі.
Пәндік олимпиадаға өз жоғары оқу орындарында іріктеу кезеңінен өткен 2–3 курс студенттері қатыса алады. Әрбір жоғары оқу орнынан оқытушы жетекшілігімен 2 студенттен артық қатысуға болмайды. Жеңімпаз жеке есеп бойынша анықталады. Командалық қатысу қарастырылмаған және бағаланбайды.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Қатысу үшін 2026 жылғы 16 сәуірден кешіктірмей n.toregali@satbayev.university электрондық поштасына келесі құжаттарды жолдауларыңызды сұраймыз:
- олимпиаданың I кезеңінің қорытындылары туралы ректор (проректор) қол қойған хат немесе ЖОО-ның алқалы органының шешімі (хаттама түрінде рәсімделуі тиіс);
- XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне әр қатысушыға арналған өтінім;
- әр қатысушыға оқу орнынан анықтама.
Өтетін орны: Satbayev University, ГУК 303, 304 аудиториялары
Анықтама телефондары:
Олжабаева Раушан Серіковна, +7 701 456 8655
Үйсінбек Аңсаған Әбдіқадырұлы, +7 708 709 8723



