Ақпарат:

1 наурыз 2018 6374

Колорадо тау-кен мектебінің профессорлары Сәтбаев университетінде дәріс оқиды

Колорадо тау-кен мектебінің профессорлары Сәтбаев университетінде дәріс оқиды

«Мұнай-газ саласында адам капиталын дамыту» атты жоба аясында кездесу өткізген ғалымдар осындай шешімге келіп отыр. Бұл кездесу 22 ақпан күні Сәтбаев университетінде өтіп, оған университетіміздің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ринат Искаков, Дүниежүзілік экономикалық форумның өкілі Масиеж Колацковски, Society of Petroleum Engineering компаниясының европалық директоры Фил Чандлер, Колорадо тау-кен мектебінің өкілі Рамона Грейвз, Shevron, Shell, Fluor мұнай-газ компанияларының өкілдері, сондай-ақ итальяндық Eni мұнай-газ компаниясының өкілдері  Паоло Эмили Спада және доктор Сандро Фурлан қатысты.

Кездесу барысында халықаралық индустриялық ынтымақтастықтың, Дүниежүзілік экономикалық форумның мұнай және газ бөлімшесінің қолдауымен құрылған жергілікті университеттер мен үкімет арасындағы байланыс бағдарламасының мәселелері қаралды. Оның мақсаты – жоғары білікті инженер мамандарын даярлау және оның алғашқы кезеңін сәтбаев университетінде өткізу.

Осыған сәйкес «Мұнай инженериясы» кафедрасы жанынан Консультативті кеңес ұйымдастыру қажеттігі шешілді, ол кеңес академиялық бағдарламаларғақолдау көрсетіп, керекті ақыл-кеңес береді. Кеңестің қолдауымен кафедрада тәжірибелік бағдарламалар іске қосылады да, аталмыш бағдарлама аясында профессорлы-оқытушылар құрамы да өндіріс орындарында өз білімі мен тәжірибелерін шыңдай түсуге мүмкіндік алады. Оған қосымша ретінде Колорадо тау-кен мектебінің профессорлары модульдік курстар жүргізіп, академиялық бағдарламалар мен  сабақ беру әдістеріне қолдау көрсетеді.

Бұл бағдарлама 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап ағылшын тілінде жүргізіледі де, оған «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша 2-курс студенттері қатыса алады. Ал олар өндірістік тәжірибеден 2019 жылдың жазында өтеді деп жоспарланып отыр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту