29 наурыз 2017 8772

«Коммерцияландыру: оның жолдары және қаржы көздері»

«Коммерцияландыру: оның жолдары және қаржы көздері»

Үстіміздегі жылы 21 ақпан мен 6 наурыз аралығында осы тақырыптағы дәрістерді Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың қызметкерлері мен білім алушылары үшін университеттің Коммерцияландыру кеңсесі өткізді. Дәріс барысында тыңдаушылар коммерциялаудың әртүрлі жолдарымен танысып, елдегі қарқынды дамып келе жатқан «Ғылым қоры», «НАТР», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» және т. б. сияқты Акционерлік қоғамдарды қаржыландыру көздері жөнінде білісті. Қатысушылар сондай-ақ қаржыландыру үшін тапсырылатын өтініш, тапсырыс, талаптармен де танысып, олардың мерзімі мен шарттары туралы мағлұмат алды.

Дәрістер өте тұжырымды өтті, тыңдаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Олар өз қалаулары бойынша Коммерцияландыру кеңсесіне шақырылып, коммерциялау және қаржыландыруға өтініш тапсыру жөнінде кеңес алды.

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Коммерцияландыру кеңсесі 2016 жылдың жазынан бері нәтижелі түрде жұмыс істеп келеді. Содан бері тамыз-желтоқсан айлары аралығында университет қызметкерлерімен 76 іскерлік кездесу өткізіп, гранттық қаржыландыру жөнінде «Ғылым қоры» АҚ-на 25 өтініш дайындалды, Дүниежүзілік банк пен ҚР БҒМ-нің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» атты жобалары, сондай-ақ «Кіші және аға ғылыми қызметкерлер тобына арналған грант» атты кішігірім жобалар  бойынша түскен 11 тапсырысқа толық қолдау көрсетілді, әртүрлі жобаларды коммерциялау үшін стратегиялар дайындалып, «Ғылым және инновация: ойдан іске дейін» атты семинар өткізуге көмектесті.

Осы жылы да Коммерцияландыру кеңсесі гранттық қаржыландыруға өтініш тапсыру жөніндегі құжаттарды толтыруға көмек көрсетіп, белсенді түрде кеңес жүргізеді, белгілі жоспар бойынша университеттің инновациялық даму стратегиясы негізінде іскерлік кездесулер ұйымдастырады. 

Коммерцияландыру кеңсесінің жұмысы жөніндегі толық ақпаратты мына телефон және электрондық адрес арқылы білуге болады: +7(727) 255 82 90 ok.kaznitu@gmail.com. Слайдтарды мына сайттан көре аласыздар:  www.sutto.weebly.com.

Ақпарат көзі: Коммерцияландыру кеңсесі
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту