4 сәуір 2017 9978

Коммерциялық жобалар сайысы

Коммерциялық жобалар сайысы

30 наурызда Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасы «Кәсіби орыс тілі» пәні бойынша қазақ топтарының 2 курс студенттерінің арасында Коммерциялық жобалар байқауын өткізді. Байқау қатысушыларының негізгі міндеті -  ғылыми-техникалық тақырыпта коммерциялық жобалар дайындау.

Байқауға университеттің көптеген институттарының студенттері қатысты.

Іс-шара ББИ директорының орынбасарлары Лаура Анарбек және  Арсен Булековтың  кіріспе сөздерімен ашылды.

Студенттердің ғылыми жұмыстары өздерінің болашақ мамандықтарымен байланысты болғандықтан, қазылар алқасында техникалық мамандықтардың оқытушылары болды:  ББИ директорының орынбасарлары Лаура Анарбек және Арсен Бөлеков, Т. Бәсенов атындағы СжҚИ «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының лекторы Сержан Қалиев, ЖТжТДИ «Өнеркәсіптік экология және биотехнология»  кафедрасының сениор-лекторы Гүлжан Жақсыбаева, АжТТИ «Копьютерлік және программалық инженерия» кафедрасының ассистенті Маржан Дәулетиярова, МГжГ кафедрасының оқытушысы Дәулет Мұканов.

Байқауға бүгінгі таңда өзекті әрі қызықты жобалар ұсынылды. Солардың ішінде 1-орынды биотехнология мамандығының студенті Мәдинә Абаева иеленді. 2-орын РЭТ мамандығының студенттері Сақтаған Мамаев, Әнел Темирғалиева және  биотехнология мамандығының студенті Жандос Абайға бұйырды. 3-орынды ақпараттық жүйелер мамандығының студенті Бақытжан Сатыбалды мен құрылыс мамандығының студенті Дияр Жұмадилов алды.

 

Байқауға университеттің коммерциализациялау офисінің қызметкерлері қатысып, студенттердің жобаларына өз пікірлерін білдірді.

Байқау студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты қазақ және орыс тілдері кафедрасының сениор-лекторы Нұргүл Танкиеваның ұйымдастыруымен өтті.

Барлық суреттерді көру 

 

Ақпарат көзі: ББИ
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту