Кореядағы бакалавриат және магистратура студенттеріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту 2024
Chung-Ang University 2024-2025 жж. көктемгі семестр кезеңіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2 және 3 курс бакалавриат студенттерін өз қаражаты есебінен қабылдау туралы хабарлайды.
Чунг-Анг университеті (CAU) — 1918 жылы құрылған Оңтүстік Кореяның жетекші жеке университеттерінің бірі. Университет Сеулде орналасқан және өзінің күшті академиялық бағдарламалары мен инновациялық әзірлемелерімен танымал. CAU ұлттық және халықаралық рейтингтерде жоғары орынға ие және шетелдік университеттермен серіктестікті белсенді дамытуда. Чунг-Анг университеті Оңтүстік Кореяның үздік 10 университетінің қатарына кіреді және QS World University Rankings және Times Higher Education сияқты халықаралық рейтингтерде жоғары орынға ие.
Құжаттар:
- CV,
- GPA (кем дегенде 2.67)
- ағылшын және орыс тілдеріндегі транскрипт,
- IELTS (кемінде 5.5), TOEFL (IBT 80 немесе одан жоғары).
Оқу мерзімі: 2024 - 2025 жылғы көктемгі семестр (2025 жылғы 1 наурыз – 2025 жылғы 20 маусым)
Стипендиялар саны: 2
Мамандығы:
- Сәулет және құрылыс.
- Химиялық инженерия және материалтану.
- Машина жасау.
- Энергетикалық жүйелердің инженериясы.
Қаржылық шарттар:
- Тегін оқыту,
- Визалық алым, медициналық сақтандыру және тұру шығындары студенттің қаражаты есебінен төленеді:
- тұрғын үй (жатақхана) 1,300 АҚШ доллары
- тамақтану 700 АҚШ доллары
- көлік 600 АҚШ доллары
- кітаптар мен керек-жарақтар- 200 АҚШ доллары
- жеке шығындар 1500 АҚШ доллары
- барлығы 4300 АҚШ доллары
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылғы 10 қазан.
Қосымша ақпарат бойынша +7 727 292 90 19 нөмеріне хабарласып немесе кеңсеге келіп сұрасаңыз болады. Халықаралық ынтымақтастық кеңсесі Мұнай ғимаратының 3 қабатында 302 кабинетте орналасқан.