Кореялық CU өнімдерінің жаңа дүкені Сәтбаев Университетінде ашылды
Кореялық CU супермаркеттер желісінің Қазақстандағы оныншы дүкені Сәтбаев Университеті кампусында ашылды. Дүкеннің ашылуына орай CU К-рор стиліндегі музыкамен сүйемелденген мәдени бағдарламаны және басқа да арнайы ұсыныстарды (Pepero, Lays және Nestle) көпшілік назарына ұсынды.
CU супермаркеттері - бұл күнделікті қолданылатын тауарлар дүкендері. СU атауы "convenience stores for U", яғни "үй жанындағы дүкен" деген мағынаны білдіреді. Онда күнделікті қолданылатын қажетті заттар, азық- түлік пен сусындар сатылады. Бұл дүкендерде қазақстандықтарға таныс өнімдермен қатар, Корея, Қытай және Жапониядан әкелінген азиялық шетелдік өнімдер де бар. Алғашқы дүкен 2024 жылдың наурыз айында Алматы қаласында ашылған болатын.