Ақпарат:

22 сәуір 2022 5325

«ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы» атты насихаттауға бағытталған семинар өтті

«ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы» атты насихаттауға бағытталған семинар өтті

21.04.2022 жылы SU «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен бірлесе ұйымдастыруымен, «Sanaly urpaq» жобасы аясында, ҚР 2022-2026 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасын семинар барысында талқылады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша алдын ала бақылау департаментінің басшысы Салимбаев Қанат Әсембайұлы және офицер  Әлімжанов Санат Сейлханұлы «ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасы» атты баяндамасын қатысушыларға таныстырды.

Сонымен қатар, Сәтбаев университеттің корпоративтік Compliance-бақылау офицері Жұманов Әбдіғали Нұрғалиұлы SU «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіңің» 2021-2022 оқу жылындағы жоспарына сәйкес, К.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шараларын таныстырды.

Кездесуге қатысқан студенттер мен оқытушылар Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Жәутіков Бақыт Ахатұлымен академиялық процесстердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылады.

Студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында «Sanaly urpaq» студенттік клубы координаторы Нұрболат Динара Жанболатқызы «Саналы Ұрпақ-жарқын болашақ» атты баяндамасымен студенттік клубының жұмысымен таныстырып өтті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту