7 мамыр 2020 7444

ҚР БҒМ 2020-2022 жылдарға арналған екі гранттық қаржыландыруға конкурстар екі байқау жариялайды

ҚР БҒМ 2020-2022 жылдарға арналған екі гранттық қаржыландыруға конкурстар екі байқау жариялайды

Құрметті ғалымдар!

Ғылым саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған 2 байқау жариялады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқау өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Басым бағыттар:

  • «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер);
  • Энергетика және машина жасау;
  • Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрастырмалар;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
  • Жаратылысыстану ғылымдараы саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында және Ғылым комитеті сайтында орналастырылған.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруғажауапты тұлға – Қойшығұлова Лаура, тел. 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29, 74-19-04, қаржылық сұрақтар бойынша – Шаймағамбетов Еркін, тел. 8 (7172) 74-16-53, 74-20-29, 74-24-68, келісім-шарт жобасы бойынша – Можанова Альбина, тел. 8 (7172) 74-24-67. Байланыс орталығы – 1450. Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша ,айланыс орталығы: 8-727-355-50-01 (ішкі нөмір 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін. Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі сілтеме арқылы беріледі.Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2020 жылғы 11 мамырдан бастап.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2020 жылғы 26 маусым (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама 1: 12 ай гранттар мерзімі
Конкурстық құжаттама 2: 27 ай гранттар мерзімі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту