29 қараша 2019 5639

ҚР Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

ҚР Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!
Сәтбаев университетінің Ректоры  Искандер Бейсембетов

Қымбатты әріптестер, серіктестер, студенттер!

Сіздерді мерекелік айтулы дата – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз республикамыздың Тұңғыш Президентін сайлау біздің еліміз үшін тарихи қадам болғаны белгілі, өйткені ол біздің өмірге деген көзқарасымызды өзгертіп, жаңа жетістіктерге жетуге жаңа серпін берді. Дәл осы күні Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жарқын болашағына алтын көпір орнатқан әлемдік масштабтағы нағыз көрнекті саясаткер ретінде тарихқа енді.

Технологиялық келешекке бастаған жолымызда бұл қасиетті күн талай жылдан бері біздің ортақ мақсат-ниеттеріміздің нышаны іспетті болып келеді. Қазақстанды евразиялық кеңістікте алдыңғы қатарлы үздік елдерге қосу барысында тәуелсіздік жылдары күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз ортақ күш жұмсадық. Оның ішінде біздің еңбексүйгіш ұжымның қосқан үлесі өте мол, өйткені университетіміз жаңа техникалық идеялар мен инновациялық технологиялардың бастауы, алтын кілті бола білді.

Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отыра, еңбекте жаңа табыс, жаңа жетістіктер, отбасына аманшылық пен береке-бірлік тілеймін!

Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту