27 шілде 2021
5779
ҚРБҒМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау басталды
Академиялық жыл: 2021-2022 жж.
- Семестр: Күзгі
- Болжанатын оқу айлары: қыркүйек-қазан 2021 жыл - желтоқсан/қаңтар 2022 жыл
- Қабылдаушы мемлекеттер: Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері
- Стипендиялар саны: Satbayev University-ге арналған 37 грант (оның ішінде Еуропаға-30, оңтүстік-шығыс Азияға-7)
- Кім қатыса алады: 2-3 курс студенттері
- Мамандық: барлық мамандықтар
- Оқу тілі: ағылшын (B2 деңгейден төмен емес)
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 11 тамыз 2021 жыл.
Қажетті құжаттар:
- CV (қолданыстағы e-mail мекен-жайы бар түйіндеме);
- Паспорт (шетелдік);
- Ағымдағы үлгерімі туралы ресми транскрипт;
- Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификат – IELTS, TOEFL, Cambridge немесе Satbayev University ағылшын тілі кафедрасынан берілген Сертификат. Ағылшын тілін білу деңгейі орташа – B2 немесе одан жоғары болуы керек;
- 072/у бойынша Медициналық анықтама;
- Үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған студенттерге қатысты).
2021/2022 оқу жылы ресми түрде 1 қазанда басталады.
Қажетті құжаттардың толық пакеті "ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық" тақырыбымен international_office@satbayev.university электрондық поштасына жіберілуі тиіс 11 тамыз 2021 жыл.
Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық Ынтымақтастық орталығына мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 727 320 40 19.