18 қыркүйек 2023 1938

«Күміс университет» түлектерін марапаттады

«Күміс университет» түлектерін марапаттады

Сәтбаев Университетіндегі «Күміс университет» «Компьютерлік сауаттылық», «Қаржылық сауаттылық» және «Қашықтықтан репетиторлық жасау дағдылары» курстарын бітірген түлектерге салтанатты түрде сертификаттар табыс етті. Бұл курстар қатысушылардың жасы мен білім деңгейіне бейімделіп жасалған, өйткені олардың көпшілігінде компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі шектеулі немесе бұл технологияны олар енді ғана меңгерген.

«Компьютерлік сауаттылық» курсының тыңдаушылары дербес компьютерді пайдалану бойынша терең білім алды, Microsoft Office Word, Microsoft PowerPoint, Microsoft Excel, Paint секілді базалық бағдарламаларды меңгеріп, күнделікті өмірде компьютерді пайдаланудың практикалық дағдыларына ие болды. «Қаржылық сауаттылық» курсы зейнеткерлерге өз қаржысын сәтті түрде басқаруға және болашағын жоспарлауға қажетті маңызды қаржылық дағдыларды меңгеруге көмектесті. Ал «Қашықтықтан репетиторлық жасау дағдылары» курсы зейнеткерлерге онлайн режимде оқу арқылы оқу үдерісіне белсенді түрде қатысуға және өз білімдерін басқалармен бөлісуге мүмкіндік берді.

Біз жаңа дағдыларды меңгеріп, құнды білім алып шыққан түлектерді жетістіктерімен құттықтаймыз және оларды мақтан тұтамыз. Сондай-ақ осы курстарды өткізуге көмектескен, әрі қатысушыларға қолдау көрсеткен еріктілер командасына шексіз алғыс білдіреміз.

Сәтбаев Университеті барлық жастағы адамдар үшін қолжетімді және инклюзивті білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Кез келген адам жасына немесе компьютермен жұмыс тәжірибесіне қарамастан, білім алуға лайықты, әрі білім барлығына да қолжетімді болуы керек деп санаймыз.

Біз барлық мүдделі тұлғаларды «Күміс университеттің» келесі курстарына қатысуға, сөйтіп білімін тереңдетіп, дамуын одан әрі жалғастыруға шақырамыз. Ал алынған дағдылар мен терең білім түлектерге заманауи технологияларға жақсы бейімделуге және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетініне сенімдіміз.

Барлық түлектерді қуаныштарымен құттықтап, оларға әрі қарай сәттілік пен жетістіктер тілейміз!

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту