9 шілде 2022 4461

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Қымбатты студенттер, оқытушылар! Құрметті әріптестер!

Әлемнің мұсылмандары үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен баршаңызды өз атымнан және университет басшылығының атынан шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – мейірімділік пен жақсылық және қайырымдылық мерекесі. Шын мәніндегі бұл жарқын мереке ұлттық бірегейлікті, асыл құндылықтарды, түрлі этностар мен дін өкілдері арасындағы өзара сыйластықты, достық пен бірлікті сақтап, оны дамытуға ықпал етеді.

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына аманшылық пен береке-бірлік тілеймін!

Игі құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту