28 желтоқсан 2018 8848

Құрметті әріптестер! Қымбатты достар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер! Қымбатты достар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ректор Satbayev University Искандер Бейсембетов,Тарих сахнасына енгелі өтіп бара жатқан жылда біз көптеген жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, табыстарымызға қуандық, ал қиыншылықтарға бірге төзе білдік. Алдыңғы қатарлы ғылыми ой-пікір мен шығармашылыққа толы жаңа дәуір университеті атана отырып, Сәтбаев университеті ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың көлемі жағынан еліміздің барлық университеттері арасында ысылып алдыңғы орынға шықты және де халықаралық тәуелсіз агенттіктер жүргізетін әлемдік жетекші рейтингтерде өз орнын мықтап алып, соңғы 2 жылдың қорытындысы бойынша 100 пунктке көтеріліп отыр.

Осы өтіп бара жатқан жылда университет ғалымдары 6 мақсатты-бағдарламалық және гранттық қаржыландыру бойынша 49 ғылыми жобаны жеңіп алды. Осыған орай 4 жаңа ғылыми-өндірістік құрылым ұйымдастырылды: Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы, Сандық техника және технологиялар институты, «Baker Hughes a GE Company» трансұлттық ірі компаниясымен бірлесе отырып құрылған кен орындарын өңдеу және сараптама жасау жөніндегі халықаралық орталық және Қарағанды облысында метан өндіру жөнінде құрылған «Satbayev University & Arcelor Mittal Gas Production» бірлескен кәсіпорны.

Бұл біздің жетістіктеріміздің соңы емес. Алдағы келе жатқан жаңа жылда әлі де атқаратын талай-талай іс жетерлік. Сондықтан да университеттің барлық күш-қуаты мен жинақталған тәжірибесі стратегиялық маңызды мәселелерді шешуге жұмсалатын болады деген сенім мол.

Жалпы Қазақстанның, оның ішінде Сәтбаев университетінің ғылыми және білім беру қызметін одан әрі жандандыру үшін қосқан үлестеріңіз үшін Сіздердің әрқайсыларыңызға зор алғыс айтамын!

Жаңа жылда жаңа арман-мақсаттар орындалып, жаңа күшпен, жаңа серпінмен алға қарай ұмтылып, жаңа белестерге жете берейік! 2019 жыл – жаңа жетістіктердің, жаңа жеңістердің жылы болады деп сенім білдіремін! Жаңа жыл құтты болсын!

 

 

Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің ректоры
 Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту