Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар!
Сіздерді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл – еліміздегі экономикалық тұрақтылық пен татулыққа, келісімге қажырлы еңбектің арқасында қол жеткенін дәріптейтін ерекше мереке. Небары 25 жылдан аз уақыт аралығында Қазақстан дүниежүзілік бәсекеге қабілетті, алдыңғы 50 елдің қатарына енді. Біз онымен толық мақтана аламыз. Тәуелсіздіктің даңғыл жолын таңдап алып, мемлекетіміздің қарқынды даму жолын айқындайтын патриотизмнің, демократия мен теңдіктің сара жолына түсіп отырмыз. Бұл еліміздің одан әрі гүлденуінің сенімді кепілі бола берсін!
Құрметпен, Сәтбаев университетінің Ректоры
Ескендір Бейсембетов