Құрметті әйелдер қауымы мен арулар!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің қоғамымыздың барлық саласында Сіздердің үлкен рөл атқаратындарыңызды осы мереке қарсаңында ерекше атап өткім келеді. «Тәуелсіздіктің барлық жылдарында әйелдер қауымы менің ең сенімді тірегім болып келді, жиырма бес жыл ішіндегі біздің барлық жетістіктеріміз әйелдер қауымының белсене араласуы арқасында жүзеге асырылды. Олар – бірліктің, жасампаздық пен біздің қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі болып отыр», – деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың үлкен ұжымында еңбек етіп, оқып және ғылыми-педагогикалық іс-қызмет атқарып жүрген жандардың 30%-дан астамын әйелдер қауымы құрайды. Олардың әрқайсысының істеріне сәттілік және шығармашылық табыс тілеймін!
Барлық әйелдер мен арулар үнемі жақындарының ыстық құрметі мен шынайы сүйіспеншілігіне, әріптестері мен достары арасында зор беделге ие болуына шын тілектеспін! Сіздерге еңбекте табыс, отбасында аманшылық, бақытты да ұзақ ғұмыр тілеймін!
Құрметпен, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ректоры Ескендір Бейсембетов