29 желтоқсан 2017 6363

Құрметті профессорлар мен оқытушылар, студенттер мен әріптестер!

Құрметті профессорлар мен оқытушылар, студенттер мен әріптестер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл қарсаңында университет ұжымына ғылым мен еңбектегі мол табыстары мен жетістіктері үшін, университеттің шарықтап дамуына, гүлденуіне қосқан сүбелі үлестері үшін зор алғыс білдіремін!

Өткен жылы оқу орны көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Соның бірі де бірегейі – зерттеу университеті деген дәрежемізді одан сайын дәлелдей түсіп, университеттің брендін жаңарттық. Ғылыми конференциялар, мемлекеттік тесттер, спорттық жарыстар мен басқа да көпшілік шаралар университетте ең жоғары дәрежеде өткізілді. Сондай-ақ инновациялық жобалар мен өндіріске арналған зерттеулердің санын арттыруға көп көңіл бөлінді – мұның бәрі Сәтбаев университеті базасында Орталық Азиядағы ең ірі ғылыми-зерттеу орталығын ашуға септігін тигізді. Міне, осының бәріне ұжымның ерен еңбегінің арқасында қол жеткізілді!

Жаңа жыл да жаңа үміттер мен ғажайып қиялдарға, жаңа табыстар мен жетістіктерге толы болатынына мен нық сенемін! Сондықтан да әрбір игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңызға сәттілік, қажымас қайрат, отбасына баянды бақыт, зор денсаулық, ырыс пен береке тілеймін! Келер жыл ізгі достық пен адалдықтың, тоқшылықтың жылы болсын! Жаңа жылдарыңызбен!

 

Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Ескендір Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту