1 қыркүйек 2021 4035

Құрметті ұстаздар мен әріптестер және білім алушылар!

Құрметті ұстаздар мен әріптестер және білім алушылар!

Баршаңызды  жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін еліміздегі барлық білім ордасы білім алушыларға есігін айқара ашты. Әсіресе мектеп түлектері жаңадан университет қабырғасына  келіп, үлкен өмірге қадам басуда. Сонымен қатар бүгінгі  күн  білім алушылар үшін көңілін толқытқан ерекше сәт деп білемін.   Сәтбаев университетінің 87 жылдық терең  тарихы бар   N1 техникалық  оқу орны. Әлемдік білім кеңістігіндегі QS World University Rankings 2022 халықаралық рейтингісіндегі позицияларымызды біршама жақсартуға және әлемнің үздік университеттері тізімінде 501-510 орын алуға мүмкіндік берді. Ғылым мен инновация  саласындағы жетістіктеріміз де жыл сайын артып келеді. Бұл, әрине білімді де білікті  ҚазҰТЗУ ұстаздарының ерен еңбегінің жемісі. Оның ішінде талантты да талапты білім алушыларымыздың халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орынға ие болып, өз үлестерін қосып, қарашаңырақ Сәтбаев Университетінің мерейін асыруда.  Осынау атаулы күні баршаңызға жаңа оқу жылында, мықты денсаулық, зор жетістіктер мен шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ал Сәтбаев Университетін алғаш аттаған студенттерге сәттілік дегім келеді!  Болашақта еліміздің бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары болғыларыңыз келсе, ата-аналарыңыз сіздерді мақтан тұтсын десеңіздер білім алудан ешқашан  жалықпаңыздар. Білім баспалдағын аттаған қадамдарыңыз оң болсын!

Құрметпен,
Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Басқарма Төрағасы - Мейрам Мұхаметрахымұлы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту