Қызметтен – сахнаға: Сәтбаев Университетінің қызметкерлері өздерінің алғашқы қойылымын ұсынды
Сәтбаев Университетінде «Хористер» спектаклінің алғашқы премьерасы өтті, ол әртүрлі институттар мен департаменттердің 12 қызметкерінен құралған топтың күшімен қойылды. Қызметкерлер екі ай бойы университеттің «ArtLab» театрында актерлік шеберлік бойынша білім алып, өз өнерлерін шыңдап қана қоймай, бойларындағы қасиеттері мен қабілеттерін жаңа қырынан көрсете білді.
Бұл жинаған тәжірибе оларға жай ғана әріптес емес, нағыз команда болуға көмектесті, әркім өз сезімдері мен шеберлігі негізінде тамаша спектакль жасап, жаңа туындыға сүбелі үлес қосты.
«Хористер» – ойдан шығарылған оқиға, ол қатысушылардың ішкі жан дүниесі мен жүрекжарды сезімдері арқылы туындаған. Сәтбаев Университетінде өткен премьера университеттің мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналып, өз кезегінде тиімді ынтымақтастық қарым-қатынасты ғана емес, шығармашылық қабілетті де көрсете білді.