30 қазан 2017 2572

«Латынға көшу – болашақ таңдауы»

«Латынға көшу – болашақ таңдауы»

Латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін маңызды қадамдардың бірі. Осы игі бастамадан университетіміз де тысқары қала алмады.

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы студенттердің республикамыз үшін маңызды мәселеге ат салысуына мұрындық болып отыр.  Осы мақсатта кафедрамен «Латынға көшу – болашақ таңдауы» атты интерактивті іс-шара ұйымдастырылды. Берілген шара аясында жастардың көзқарасын білу мақсатында Google онлайн-сауалнама жүргізілді  (кафедра меңгерушісі А. Үдербаев). «Біз латын әліпбиін қолдаймыз» тақырыбында флешмоб және акция өткізілді (оқытушылар О. Зайцева, С. Саяхмет). Атақты мемдердің пайдалануымен постерлер көрмесі ұйымдастырылды (оқытушы С. Саяхмет).

25 қазанда Бас оқу ғимаратының 1 қабатында ашық эксперимент жүргізілді: кез келген студент пен университет оқытушысы қоғам талқылауына ұсынылған 3 әліпби негізінде мәтін жазып, оқыды. Олар ең ыңғайлы әрі тиімді нұсқасына өздерінің дауыстарын берді. Университет студенттері мен қызметкерлері экспериментке қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Эксперимент қорытынды бойынша көпшілік дауысты әліпбидің 2-нұсқасы алды  (оқытушылар А. Өмірзақова, Ш.Бектұрғанова).

Берілген іс-шараның соңғы нүктесін «Кәсіби орыс тілі» пәнін оқитын «Су ресурстары мен суды пайдалану» және «Тау-кен ісі» мамандықтарының 3 курс студенттерінің қатысуымен өткен «Латынға көшу – болашақ таңдауы» атты ток-шоу қойды (оқытушылар Н. Танкиева, Т. Павлова). Ток-шоу барысында студенттер өзара қызу пікірталас жүргізсе, академиялық мәселелер бойынша проректор Р. Искаков өзінің латын әліпбиінде жазылған визиткасының тұсаукесерін жасады. Сонымен қатар А. Машани атындағы Базалық білім беру институтының директоры А.Саренова өткізіліп отырған  шараның маңыздылығын атап өтті.

Студенттер студенттерден, оқытушылардан, қарапайым адамдардан латын әліпбиіне көшуге қатысты пікірлерін сұрастырып,  ток-шоуға арнайы бейнесұхбат дайындады. Сонымен қатар «Машина жасау» мамандығында  оқитын 4 курс студенті Ж. Абдиходжаев өзінің нұсқасымен таныстырып, талқылауға ұсынды. Іс-шара соңында университет оқытушылары, қызметкерлері өз ойларымен бөлісті.  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту